Реклама
Реклама

Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2024, 10:33

Сатылымға 193 миллион билет шығарылған. 

Privetmadrid.com

Испанияда әйгілі рождестволық лоторея ойнатылып жатыр. Оның жүлде қоры биыл өте ауқымды. Екі миллиард жеті жүз миллион еуро. Associated Press мәліметі бойынша ұтысқа қатысу үшін сатылымға 193 миллион билет шығарылған. Оның әрқайсының бағасы 20 еуро. 

Айта кетейік, испан лотереясы әлемдегі ең көне лотереялардың бірі. 1812 жылдан бері өткізіліп келеді.

Реклама
Реклама