Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бақытжан Базарбек: «Air Astana – бұл қазақстандық емес, ирландиялық компания»

Редактор Penalty.kz
24.12.2024, 09:05

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Air Astana бас директоры Питер Фостердің жолаушыларға немқұрайлы қарағанын сынға алып, әуе компаниясының шетелде тіркелгенін айтып өтті, деп хабарлайды Penalty.kz.

parlam.kz
Реклама
Реклама

Депутаттың айтуынша, бір рейстің 8 сағатқа кешігуі кезінде Фостер жолаушылардың жанынан өтіп кетіп, VIP-залға кіріп алған. Онда кофе ішіп отырған басшыға Базарбек төменге түсіп, күтіп отырған жолаушылармен кездесуін талап еткен, алайда Фостер алдымен өкілдерін жібере салғысы келген. Тек депутаттық куәлік көрсеткеннен кейін ғана өзі шыққан.

«Ұлыбританияда депутаттың мәртебесі бәрінен жоғары. Соның арқасында ғана ол төмен түсуге мәжбүр болды», – дейді Базарбек.

Сонымен қатар, депутат Air Astana флотындағы 50 ұшақтың барлығы Ирландияда тіркелгенін, бұл компанияның Қазақстаннан гөрі шетелдік заңды тұлға ретінде танылатынын атап өтті.

«Халықаралық авиация конвенциясының 17-бабына сай, әуе кемесі тіркелген мемлекеттің азаматтығында болады. Сондықтан біз бюджеттен миллиардтап субсидия бөліп отырсақ та, Air Astana заң жүзінде ирландиялық компания болып есептеледі», – дейді ол.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары