Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Назым Қызайбай әкесіне жаңа автокөлік мінгізді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.01.2025, 10:25

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жыл соңында әкесіне су жаңа көлік сыйлады. 

bassport.kz
Реклама
Реклама

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жыл соңында әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Боксшы бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, автокөліктің мемлекеттік номері де VIP-санатында екенін көрсетті. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады. 

"Кішкентай кезімнен әкеме көлік алып беруді армандайтынмын. Жаңа жылдың алдындағы екінші көлігі болып отыр. Бұл жолы су жаңа көлікті алғаш рет мінді. Армандарымыз орындала берсін", - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде. 

Автокөліктің мемлекеттік номері де ерекше, «777 NKZ» деп таңбаланған.

Алматы облысының тумасы Назым Қызайбай Парижде өткен Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан 50 келіде сынға түсті. Төртжылдықтың басты додасында белгілі боксшы қола жүлде иеленіп, өзінің мансабында ең айтулы жетістікке қол жеткізді. 

Париж Олимпиадасынан кейін боксшыға Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдігі пәтер сыйлап, көлік мінгізген еді. Сонымен бірге, оған демеушілер тарапынан да құны қымбат бірнеше автокөлік тарту етілді. 

Ол бұған дейін 48 келіде әлем біріншілігінде екі мәрте топ жарды. Ұзақ жылдар бойы жеңіл салмақта өнер көрсеткен отандасымыз маусым айының басында Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу бәсекесінде 50 келіде Парижге жолдама алған еді. 

Назым Қызайбай ел тарихында әйелдер боксынан Олимпиада жүлдесін иеленген үшінші спортшы атанды. Сондай-ақ, ол жақында Қарағандыда аяқталған ел чемпионатында 48 келіде үздік шықты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары