"Реал" аңызы жетінші рет ажырасып, зәулім сарайынан айырылды
08.01.2025, 19:08
Жұптың 2 баласы бар.
sport-express.net
Бразилияның футболының аңызы, мадридтік "Реалдың" бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлос жетінші әйелімен дәм-тұзы жараспай, тағы да ажырасты. Сөйтіп ауданы 1500 шаршы метрлік зәулім сарайынан кетіп қалған. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады.
El Mundo басылымының мәліметі бойынша, даңқты ойыншы 2009 жылы үйленген жары Мариана Луконмен алакөз болып, екі жаққа тарапқа кеткен. Карлос Мадридтің Вальдебебас ауданына көшкені айтылады. Ал оның отбасы ауданы 1500 шаршы метр зәулім сарайда қалған.
Айта кетейін, Карлос пен Мариананың екі баласы бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама