Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Атымды атам қойған": есімі әйгілі футболшымен аттас атыраулық Зинедин Зидан туралы не білеміз (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.01.2025, 16:59

Атырауда есімі әйгілі француз футболшысы Зинедин Зиданмен аттас балақай тұрады .

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

7 жастағы Зиданның есімін атасы атақты футболшының құрметіне қойған, деп жазады Atyrautv.kz.

Қазір ол 1-сыныпта оқиды. Кішкентай болғанына қарамастан, футболда қолданатын ойын әдістерін жатқа біледі. Балақай оқу құралдарын да футболмен байланыстырып таңдайды екен.

"Атымды атам қойған. Ол да жас кезінде футбол ойнаған. Атаммен футбол қарағанды жақсы көрем", - деген Зидан "Реал Мадридтің" жанкүйері екенін айтады.

Ұстазының айтуынша, Зиданның есте сақтау қабілеті ерекше. Айтылған ақпаратты лезде қағып алады. Зиданның арқасында басқа да оқушылардың футболға қызығушылығы оянған.

"Біз сыныбымызда ерекеше есімді баланың оқитынына қуаныштымыз", - дейді Зиданның ұстазы.

Зинедин Зидан 8 жасқа толғанда ата-анасы оны футбол үйірмесіне беруді жоспарлап отыр. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары