Жека Fatbelly артық салмақтан арылу үшін JanaMen жобасына қатыспақ (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.01.2025, 08:58

Бұл туралы ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады. 

youtube.com

Жека Fatbelly лақап атымен танымал блогер Жеңіс Омаров Айтым Жақыповтың JanaMen жобасына қатыспақ. Осылайша, ол артық салмақтан арылуды көздейді. Бұл туралы Жека Fatbelly өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады. 

Аталған жобаға қатысуға бел буған блогер көзіне жас алып, жаттығуларға бар денін салып жатқан сәтін де көрсетті. "Жақында...@zheka_fatbelly JanaMen-ге айналады", - деп жазған ол бейнежазба астына. 

Өз кезегінде желі қолданушылары бұл жаңалықты қуана қарсы алып, блогерге сәттілік тіледі. 

"Бауырым мені де ала кетші", "Айтым мені де алып кетсе ғой", "Екінші Юса болады", "Алла қолдасын, балам, сәттілік, мақсатыңа Алла жеңілінен жеткізсін", "Жека, қолыңнан келеді, саған сенеміз", "Алған бетіңнен қайтпа", - деп жазды желі қалдырушылары. 

Айта кетейік, Айтым Жақыпов – Street Workout бойынша Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал блогер, кәсіби жаттықтырушы. Оның JanaMen жобасы 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Басты мақсаты - артық салмақтан арыла алмай жүрген адамдарға көмектесу.