"Теңізге ұшамыз". Наурызда қайда демалған тиімді?

Редактор Penalty.kz
20.03.2025, 17:36

Мереке қарсаңында назарларыңызға қолайлы бағыттар мен үздік турлар топтамасын ұсынамыз. 

sozmedia.kz

Наурыз мерекесі – еңбек демалысын алмай-ақ саяхат жасауға таптырмас мүмкіндік. Биыл қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында яғни 5 демалады. Осыған орай, finratings.kz ел ішінде және шетелде демалуға болатын танымал бағыттарға, олардың бағасы мен үнемдеу жолдарына шолу жасап шықты. 

Шетелге саяхат: арзанынан қымбатына дейін

Наурыз мейрамында қазақстандық туристер арасында ең танымал бағыттар: Өзбекстан, БАӘ, Египет және Мальдив аралдары.

Ең қолжетімдісі – Өзбекстан:

  • Автобуспен (4-5 күн) – 180 000 тг
  • Jibek Joly пойызымен («Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы») – 190 000 тг

БАӘ – 220 700 тг-ден бастап
Египет – 255 700 тг-ден бастап

Премиум деңгейдегі демалыс:

  • Мальдив аралдары – 567 000 – 743 700 тг аралығында

Ескерту: Наурыз мейрамы кезінде сұраныс жоғарылайтындықтан, баға 10-35% өсуі мүмкін. Кей бағыттар бойынша турлар әдеттегіден екі есе қымбат болуы ықтимал.

Фото: finratings.kz

Елішілік саяхат

Егер шетелге шыққыңыз келмесе, ел ішінде де керемет демалыс ұйымдастыруға болады.

Оңтүстік Қазақстан шуақты күн райымен қуантады. Тарихи орындар да жетерлік. 

  • Алматы облысында бір күндік турлар – 8 500 – 10 000 тг шамасында. 
  • Жеке экскурсиялар 40 000 тг дейін барады.
  • Ал гидпен Алматы көшелерін аралау 3 000 тг-ден басталады. 
  • Түркістан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
  • Орташа баға – 30 000 тг (автобус турлары)

Орталық және Солтүстік Қазақстан

  • Қарағанды – кеншілер музейіне түсу
  • Ақмола облысы – Қорғалжын қорығындағы қызғалдақтарды көруге болады

Батыс және Шығыс Қазақстан:

  • Алтай мен Шығыс Қазақстанды көктемде ұсынбаймыз: бұл аймақтарда қар ери бастайды, сел мен лай көшкіні жүру қаупі бар. Ең қолайлы уақыт – жаз.
Фото: finratings.kz

Наурыз халықаралық бренд ретінде

Бүгінде Наурыз мерекесі тек ұлттық деңгейдегі емес, әлемдік дәрежедегі туристік брендке айналып келеді. 

  • 2024 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі "Наурызнама" атты апталық мерекелік концепцияны ұсынды.
  • CNN Travel 2025 жылғы ТОП-25 туристік бағыттар тізіміне Қазақстанды енгізді.
  • Алматы Орталық Азияның "жаңа стильдегі астанасы" атағын алды.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанға 15,3 млн шетелдік турист келіп, 1,2 трлн теңге жұмсаған. Туристердің ыңғайы үшін E-Qonaq цифрлық жүйесі енгізілді. 2025 жылдың қаңтарында оған 3,7 млн адам тіркелді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 69%-ға артық.

Қонақ үй бағасы

Соңғы бір жылда Қазақстандағы қонақүйлердің бағасы айтарлықтай өсті:

  • 5 жұлдызды қонақүй – 62 600 тг/түн (+12,1%)
  • 4 жұлдызды қонақүй – 30 200 тг/түн (+17,1%)
  • 3 жұлдызды қонақүй – +10,1%
  • 2 жұлдызды қонақүй – +4,8%

Жалғыз арзандаған категория – 1 жұлдызды қонақүйлер.

Фото: finratings.kz

Шетелдік туристер арасында ең танымал қалалар: Алматы, Астана, Атырау

Ең танымал қонақүйлер: Hotel Kazakhstan, Novotel Almaty City, Hilton Astana