Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Риддерде жас босанған ана қошқар көтеру сайысында ерлерді шаң қаптырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
24.03.2025, 12:18

Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды. Ол қошқарды 100 рет көтерген. 

фото ашық дереккөздерден алынды

25 жастағы Айым қошқар көтеруден 100 мәрте отырып-тұрып, жеңімпаз атанды. Жақында ғана ана атанған риддерлік тұрғын "бұл мен үшін айтарлықтай жетістік емес" деп отыр. Бұл туралы NUR.KZ жазады. 

"Мен үшін бұл таңғаларлық жетістік емес. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін. Онда күштік жаттығуларға көбірек мән беріледі. Үнемі штангамен жаттығуға тура келеді. Жақында ана атандым. Бірақ спорттық қабілеттерім әлі бар. Жеңіске жетуге сол қабілеттерім себеп болды", - дейді ол.

Жеңімпазға бас жүлде ретінде өзі көтерген қошқар сыйға тартылды.