Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Чемпиондар лигасының финалы Мадридте өтетін болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:39

Еуропалық футболдың ең беделді додасы – УЕФА Чемпиондар лигасының 2027 жылғы финалы Мадридтегі «Сивитас Метрополитано» аренасында ұйымдастырылады. Бұл туралы УЕФА ресми түрде хабарлады.

libertaddigital.com
Реклама
Реклама

«Атлетико Мадрид» клубының стадионы саналатын «Сивитас Метрополитано» аренасы 2027 жылы Чемпиондар лигасының басты матчын қабылдайды. УЕФА-ның ресми мәлімдемесінде финалдық ойын дәл осы стадионда өтетіні бір ауыздан мақұлданғаны айтылды.

Айта кетейік, бұл стадион мұндай мәртебелі ойынды бұған дейін де өткізген. 2019 жылы дәл осы аренаның төрінде финалда ағылшындық «Ливерпуль» «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен жеңіп, 6-шы рет қалқанқұлақ кубокты көтерген еді. 

Қазіргі чемпион кім?

Бүгінде Чемпиондар лигасының соңғы жеңімпазы – француздық «Пари Сен-Жермен». Луис Энрике жаттықтыратын команда финалда Италияның «Интерін» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, сенсациялық нәтиже тіркеді. Бұл жеңіс париждіктердің еуропалық аренадағы ең ірі жетістіктерінің бірі саналады.

Айта кетейік

«Сивитас Метрополитано» – 68 мың жанкүйерге арналған заманауи арена. Испания астанасында өтетін бұл финал футболсүйер қауым үшін ерекше мереке болатыны сөзсіз. Әсіресе, «Реал» мен «Атлетико» жанкүйерлері өз қаласында финалдық атмосфераны сезіну мүмкіндігіне ие болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары