
Енді клубтар ұзақ уақыт жарақат алған ойыншыны ауыстыра алады.
УЕФА 2025/26 маусымынан бастап ерлер арасындағы клубтық турнирлер регламентіне өзгеріс енгізді. Жаңа қағидаға сәйкес, командалар жалпы кезеңнің 6-турына дейін ұзақ мерзімді жарақат алған немесе сырқаттанған бір ойыншыны уақытша ауыстыра алады.
УЕФА-ның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, басты мақсат – командалардың ойын сапасын төмендетпей, әділ бәсекелестікті сақтау. Бұған қоса, жаңа ереже футболшылардың денсаулығын қорғауға бағытталған: қысқа құраммен ойнау кезінде қалған ойыншыларға шамадан тыс жүктеме түспек.
Жаңа регламентке сәйкес:
2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі 16 қыркүйекте басталады. Биылғы маусымда басты назар тек жаңа форматқа ғана емес, сондай-ақ клубтардың кадрлық мүмкіндіктерін қалай пайдаланатынына да ауады.
Жуырда ғана “Қайрат” қақпашысы Темірлан Анарбеков “Ақтөбеге” қарсы ойында футболшымен соқтығысып, жағын сындырып алған еді. Кейін қақпашыға ота жасалатыны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша футболшы кемі 1,5 ай алаңға шыға алмайды.