Егер ойын ойдағыдай өтсе, жас жұлдыз Ансу Фатидің рекордын бұзады.
Алматылық «Қайраттың» жас форварды Дастан Сәтпаев Еуропаның басты турнирінде есімін алтын әріппен жазып қалдыруға жақын. Егер бүгін «Спортингке» қарсы алғашқы ойында нәтижелі соққы жасаса, қазіргі рекорд иесін – Ансу Фатиді артта қалдырады.
Фати 2019 жылдың желтоқсанында «Барселона» сапында «Интердің» қақпасына гол соғып, тарихқа 17 жас 40 күнінде енген еді. Қазір ол «Монако» клубының намысын қорғап жүр.
Сәтпаевтың жасы дәл қазір небәрі 17 жас 38 күн. Яғни, ол гол соққан жағдайда рекорд жаңарады.
Алматылық команда бүгін түнде УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Қарсылас – Португалия чемпионы «Спортинг».
Бұл матч тек «Қайрат» жанкүйерлері үшін емес, жалпы қазақстандық футбол тарихы үшін ерекше мәнге ие. Себебі, жастарға сенім артып отырған Рафаэль Уразбахтин шәкірттері сенсация жасауға ниетті.
Футбол мамандары Сәтпаевтың талантын жоғары бағалайды. Оның жылдамдығы мен ойынды сезіну қабілеті қазақстандық футболдың жаңа толқынына үлкен үміт сыйлап отыр.