Реклама
Реклама

Әлем жұлдыздары Астанаға келеді

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2026, 14:14

Жанкүйерлер Niko, m0NESY және kyousuke секілді жұлдыз ойыншылардың өнерін елорда төрінде тамашалай алады. Жарыс мамырдың 7-17 аралығы өтеді. 

Escorenews.com

Falcons киберспорт ұйымы PGL Astana 2026 турниріне қатыспақ. Былтыр команда Астанада өткен ірі жарысқа қатысуға ниет білдірмеген еді. 

Қолда бар мәліметке сүйенсек, енді Falcons ұжымы PGL ұйымдастыратын Астанадағы екінші турнирге қатысуға бекініп отыр. Егер жоспар жүзеге асса, жанкүйерлер Niko, m0NESY және kyousuke секілді жұлдыз ойыншылардың өнерін елорда төрінде тамашалай алады.

Турнир туралы

Айта кетейік, PGL Astana 2026 турнирінің жүлде қоры 1 600 000 АҚШ долларын құрайды. Бұл — соңғы жылдардағы ең ірі жүлде қорларының бірі.

Салыстырар болсақ, бұдан бұрын 1 250 000 доллардан жоғары жүлде қоры тек 2021 жылы Стокгольмде өткен мейджорда тіркелген еді. Осылайша, PGL Astana 2026 тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл киберспорт қауымдастығы үшін аса маңызды турнирлердің біріне айналғалы отыр.

Естеріңізде болса, 2025 жылы Астанада 10-18 мамыр аралығында "COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025" ірі халықаралық турнирі өткен еді. Жарыстың жүлде қоры 1 250 000 АҚШ доллары болды. 

Былтырғы турнирге кім қатысты?

Турнирге АҚШ, Германия, Сербия, Бразилия, Украина, Моңғолия, Ресей және басқа да елдерден келген 16 команда қатысты. Командалар құрамында Қазақстанның 5 өкілі болды. Атап айтқанда, К.Файзнуров (лақап аты - ICY), А.Қайыржан (kade0), С.Оразалы (dukefissura), Д.Голубенко (molodoy), сондай-ақ жаттықтырушы Р.Телепов (mou).

Реклама
Реклама