Реклама
Реклама

IEM Krakow 2026: Дастан Ақбаев бастаған Parivision топ жара ала ма?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:02

Аталған турнирге қатысушы 24 команда 1 миллион доллар көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салады.

cybersport.ru

29 қаңтар күні CS2 дисциплинасы бойынша IEM Krakow 2026 турнирінің Play-In кезеңінде PARIVISION мен Aurora Gaming командалары топтық кезеңге жолдама үшін өзара кездеседі.

Сарапшылар бұл тартыста Джами Jame Али бастаған PARIVISION ұжымын фаворит ретінде бағалап отыр. Кездесу best-of-3 форматында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Play-In кезеңінің алғашқы раундында:

  • PARIVISION командасы Heroic ұжымын жеңді;
  • Aurora Gaming өз кезегінде GamerLegion-нан басым түсті.

Айта кетейік, бұл матчта жеңілген команда турнирден бірден шығып қалмайды. Ол төменгі торда (lower bracket) топтық кезеңге шығу үшін тағы бір мүмкіндік алады.

Турнир туралы

IEM Krakow 2026 турнирі 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Польшаның Краков қаласында өтеді. Жарысқа 24 команда қатысып, 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салады.

Оқи отырыңыздар: 

Қазақстандық гимнасшылар Германиядағы Әлем кубогына қатыспақ

Қазақстандық теннисші Australian Open-нің финалына шықты

"Ұят!" – Килиан Мбаппе "Бенфикамен" болған матч жайлы

Реклама
Реклама