Көпшілік спортпен айналысуды бастарда ең алдымен бір сұраққа жауап іздейді: күн сайын қанша уақыт жаттығу жасау керек? Ғалымдар мен тәжірибелі жаттықтырушылардың айтуынша, 40 минуттық жаттығу – бұл денсаулықты нығайту мен нәтижеге жетудің оңтайлы уақыты.
Уақытты тиімді пайдалану – 40 минут ішінде адам негізгі жаттығуларды орындап үлгереді, назарын шашыратпай, бұлшықеттерге қажетті жүктемені береді.
Жарақат алу қаупі төмен – ұзақ әрі шамадан тыс жаттығулар ағзаны қажытады. Ал қысқа әрі қарқынды жаттығу бұлшықеттерді артық жүктемей, тиімді нәтиже береді.
Жүрекке пайдалы – әсіресе жаңадан спортпен айналысушылар үшін ұзақ жаттығулар қауіпті болуы мүмкін. Ал 40 минуттық режим жүрекке түсетін жүктемені қалыпты деңгейде ұстайды.
Кез келген спорттық белсенділіктің негізгі шарты – жақсы қыздыру (разминка).
Бұл әдіс жарақаттың алдын алып, спорттық процесті қауіпсіз етеді.
Тәжірибелі спортшылардың өзі демалыссыз нәтиже болмайтынын жақсы біледі. Бұлшықеттерге үнемі артық күш салу керісінше шаршатуға және жарақатқа әкеледі. Сондықтан аптасына кемінде 1-2 күн ағзаны қалпына келтіруге мүмкіндік беру маңызды.
40 минуттық жаттығуды күн сайын бірнеше апта бойы жасап көріңіз.
Сіз байқайтын нәтижелер:
40 минуттық спорттық жаттығу – денсаулыққа зиян келтірмей, тиімді нәтижеге жеткізетін уақыт. Қысқа, бірақ қарқынды режим күнделікті өмірге ыңғайлы және спорттық мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Ең бастысы – тұрақтылық пен ынта. Нәтиже сіздің еңбегіңізге байланысты.