Әли Әлиев Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері қызметіне тағайындалады.
Осыған дейін бас бапкер міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеп келген қазақстандық маман мен оның штабымен жақын күндері келісімшарт жасалуы ықтимал.
“ҚФФ басшылығы Әлиевті тұрақты түрде бас бапкер етіп тағайындау жөнінде шешім қабылдады. Оның штабымен келісімшарт жақын апталардың бірінді іске асуы тиіс. Шамасы, Әли Ханәліұлы Қазақстан құрамасымен жыл соңына дейін жұмыс істейді”, - делінген Vesti.kz порталының жазбасында.
Еске сала кетейік, Әли Әлиевтің жаттықтыруымен ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында өткен айда екі ойын өткізді. Алдымен Уэльстен 1:3-пен ұтылса, келесі кездесуде 2:0 есебімен Лихтенштейннен айласын асырды.
Енді Еуро іріктеуінің келесі ойынын Қазақстан Солтүстік Македонияға қарсы өткізбек. Ол матч 9-маусымға жоспарланған.