Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 5-турындағы орталық матчында "Тобыл" қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Ойын алғашқы минуттардан бастап екі команданың да жоғары қарқынмен басталуымен ерекшеленді. Кей сәттерде қақтығыстар да болды. Эмоциялар шегіне жеткен матчта есеп тайм соңында ашылды.
Асхат Тағыберген әдемі пасты айып алаңына асырғанда Марко Вукчевич дәл соққы жасай алды.
Кездесудің екінші бөлігінде "Ақтөбе" таразы басын теңестіруге тырысқанымен, алаң иелері толық басымдыққа ие болды. Нәтижесінде Ислам Чесноков алыстан мергендік танытытты.
"Тобыл" 11 ұпаймен екінші орынға көтерілді. "Ақтөбе" 10 ұпаймен төртінші орынға түсіп қалды.
"ТОБЫЛ" (ҚОСТАНАЙ) — "АҚТӨБЕ" 2:0 (1:0)
Голдар: Вукчевич 45+1 (1:0), Чесноков 78 (2:0).