Қай клубқа қанша миллиард кетті? Бюджеттен бөлінген сома белгілі болды

Редактор Penalty.kz
15.05.2025, 14:37

Қазақстан футболына биыл 23 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді! Жуырда 12 клубтың тізімі жарияланды. 

Sportnews.kz

Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін 12 футбол клубына биыл мемлекеттік бюджеттен жалпы сомасы 23,44 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Аймақтар бөлген қаржы және клубтардың жағдайы

Келесі тізімде әр клубқа бөлінген қаржы және олардың қазіргі турнирлік кестедегі орны көрсетілген:

2025 жылғы КПЛ клубтарына бөлінген мемлекеттік қаржы:

  1. «Ақтөбе» (2-орын) – 4,2 миллиард теңге

  2. «Ордабасы» Шымкент (6-орын) – 3,5 миллиард теңге

  3. «Елімай» Семей (7-орын) – 2,7 миллиард теңге

  4. «Қызылжар» Петропавл (9-орын) – 2,0 миллиард теңге

  5. «Қайсар» Қызылорда (12-орын) – 1,9 миллиард теңге

  6. «Оқжетпес» Көкшетау (5-орын) – 1,8 миллиард теңге

  7. «Жетісу» Талдықорған (11-орын) – 1,7 миллиард теңге

  8. «Ұлытау» Жезқазған (14-орын) – 1,4 миллиард теңге

  9. «Тобыл» Қостанай (4-орын) – 1,3 миллиард теңге

  10. «Тұран» Түркістан (8-орын) – 1,2 миллиард теңге

  11. «Жеңіс» Астана (10-орын) – 990 миллион теңге

  12. «Қайрат» Алматы (1-орын) – 750 миллион теңге

Ескерту: Бұл тізімге «Астана» мен «Атырау» клубтарының бюджеті енбеген. Аталған командалар қазіргі таңда турнирлік кестеде тиісінше 3 және 13-орында орналасқан.

Мемлекеттік қаржыландыру мен нәтиже арасында байланыс бар ма?

Кестеде байқалатыны — бөлінген қаржы көлемі әрдайым турнирлік нәтижеге тура әсер етпейді. Мәселен, «Қайрат» ең аз қаржыландырылған клубтардың бірі бола тұра, қазіргі таңда лиганың көшін бастап тұр. Ал 4,2 миллиард теңге алған «Ақтөбе» — 2-орында.