62 жастағы әйгілі бапкер маусым айынан бастап Португалия құрамасының бас бапкері қызметіне кіріседі.
Футбол әлемінің ең танымал бапкерлерінің бірі Жозе Моуринью алғаш рет ұлттық құрамаға басшылық етеді. 62 жастағы маман маусым айынан бастап Португалия құрамасының тізгінін ұстайды. Бұл туралы HT Spor басылымы хабарлады.
Португалия футбол федерациясы мен Моуринью арасында келісімге келу сәті жетіп, бапкер өз елінің ұлттық құрамасын алғаш рет жаттықтырады. Бұл – оның бапкерлік карьерасындағы жаңа әрі ерекше бетбұрыс болмақ.
Қазіргі таңда Португалия құрамасының бас бапкері – Роберто Мартинес. Маусымнан бастап оны Моуринью ауыстырады деп күтілуде.
Қазір Жозе Моуринью Түркияның «Фенербахче» клубында жұмыс істейді. Алайда Португалия құрамасына келген жағдайда ол клубтағы қызметін тоқтатуы ықтимал.
«Челси», «Реал», «Интер», «Манчестер Юнайтед» және «Рома» сынды клубтарда бапкерлік еткен
Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы