"Астана" футболшылары бойкот жариялады

Редактор Penalty.kz
15.05.2025, 20:25

Бүгін елордалық "Астана" футболшылары жаттығуға қатысудан бас тартты.

vesti.kz

Бірнеше ай бойы жалақы төленбеген

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, клуб футболшыларына, бапкерлер құрамына және қызметкерлерге бірнеше ай бойы жалақы бойынша қарыз бар. Осы себепті футболшылар бойкот жариялап, команданың Кәсіпқой футбол лигасының (ҚПЛ) 9-турындағы “Ұлытау” клубына қарсы кездесуге қатыспауы мүмкін.

Матч Жезқазған қаласында өтуі тиіс.

Бас бапкер де мәселені растаған

Бұған дейін “Астана” ФК бас бапкері Григорий Бабаян Қостанайдың “Тобылына” қарсы (1:3) өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында командадағы жағдай туралы ашық пікір білдірген.

“Қаржылық қиындықтарға байланысты командаға ойын көрсету және нәтижеге жұмыс істеу оңай емес”, — деген еді Бабаян.