Аргентина ұлттық құрамасы маусым айындағы әлем чемпионатына іріктеу ойындарына арналған уақытша құрамын жариялады. Жанкүйерлер үшін басты жаңалық — Лионель Мессидің құрамға қайта қосылуы.
Футболдан Аргентина құрамасының бас бапкері маусым айындағы жиынға шақырылған ойыншылар тізімін жария етті. Құрама сапында МЛС-тің "Интер Майами" клубында ойнайтын әлемдік жұлдыз Лионель Месси де бар.
Наурыз айында "Алтын доптың" 8 дүркін иегері жарақатына байланысты ұлттық құрамаға қосыла алмаған еді. Енді ол ел намысын қорғауға дайын.
Аргентина құрамасы маусым айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі маңызды ойын өткізеді. Бірінші матч — сырт алаңда Чилиге, ал екіншісі — өз алаңында Колумбияға қарсы өтеді.
Айта кетейік, Лионель Скалонидің шәкірттері 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Қазір олар 2026 жылғы мундиаль жолдамасын алдын ала қамтамасыз етіп үлгерді. Маусымдағы матчтар — тек турнирлік кестедегі жағдайды жақсартуға арналған мүмкіндік емес, сонымен қатар Мессидің құрамадағы жаңа кезеңін бастауына жол ашпақ.