"ПСЖ" ЧЛ-дағы жеңісі үшін УЕФА-дан қанша ақша алатыны белгілі болды

Редактор Penalty.kz
01.06.2025, 20:50

Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген француз клубы УЕФА-дан 148,4 миллион еуро алатын болды. 

rbc.ua

Париждік «ПСЖ» клубы 2024/25 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, УЕФА тарапынан рекордтық көлемде — €148,4 миллион еуро табыс тапты. Бұл туралы Football Meets Data аналитикалық жобасы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде хабарлады.

Жүлде сомасы қалай құралды?

  • €6,5 миллион — финалда «Интерді» 5:0 есебімен жеңгені үшін
  • €4 миллион — алдағы УЕФА Суперкубогына қатысатыны үшін
  • (ПСЖ енді ағылшындық «Тоттенхэмге» қарсы ойнайды)

Қалған табыс — топтық кезең, плей-офф, телетабыс, маркетингтік және коэффициенттік төлемдерден құралған.

Басқа клубтар қанша тапты?

Финалда ұтылғанымен, миландық «Интердің» де табысы аз емес. Клуб маусым қорытындысы бойынша €136,6 миллион еуро табыс тапты.

Үздік үштікке лондондық «Арсенал» да кірді — €117 миллион табыспен.

УЕФА-ның қаржылық жүйесі қалай жұмыс істейді?

УЕФА жыл сайын Чемпиондар лигасы аясындағы табысты клубтарды жеткен кезеңіне, рейтингтік көрсеткіштеріне, маркетингтік үлесіне және телехақыға байланысты марапаттайды. Бұл жүйе клубтардың Еуропадағы табысын айтарлықтай арттырып отыр.