"Мұндай бейқамдық кешірілмейді!" — Әли Әлиев

Редактор Penalty.kz
06.06.2025, 02:46

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Беларусьтен 1:4 есебімен жеңіліске ұшыраған спарринг-матчтан кейін қорғаныста жіберілген өрескел қателіктерге таңданысын жасырмады. 

kff.kz

Күтпеген қателіктер мен ауыр жеңіліс

Бұл ойын Солтүстік Македонияға қарсы ресми кездесуге дайындық аясында өткізілді.

"Бұл жолдастық матчты македониялықтарға қарсы ойынды пысықтау үшін өткіздік. Сондықтан екі түрлі құраммен ойнадық. Әрине, нәтиже де маңызды еді. Бірақ күтпеген сәттерде жіберілген өрескел қателіктер бәрін құртып жіберді. Бұл бірінші және үшінші голдарға қатысты. Мұндай сәттер жүйкеге әсер етеді. Соған қарамастан матчқа қайта оралуға тырысқан жігіттерге алғысым шексіз. Қажетті қорытындылар жасаймыз", – деді Әлиев Betnews.kz порталына берген сұхбатында.

Бас бапкер ойынға ауа райының әсер еткенін жоққа шығармайды. Алайда негізгі мәселе мұнда емес екенін баса айтты.

"Әрине, ауа райы әсер етті. Ойынның басталуы кешіктірілді, алаң да ауыр болды. Бірақ басты себеп бұл емес. Мен ойыншылардың назарсыз қалған сәтін түсіне алмадым. Әсіресе бірінші голдағы пассивтік әрекет. Оған дейін қарсылас қақпамызға тек бір-ақ соққы жасаған. Стандарт жағдайдан гол жіберуге болады, бірақ алаңдағы бейқамдық – кешірілмейтін нәрсе".

Келесі ойынға дайындықты бапкер дәл осы жеңіліс арқылы тәртіпке келтіруге ниетті екенін білдірді. Оның айтуынша, мұндай жеңілістер кейде қажет болады.

"Жігіттерге киім ауыстыратын бөлмеде не айтқанымды естіген соң, олар дұрыс реакция танытады деп ойлаймын. Иә, бәлкім мұндай ауыр есеппен емес шығар, бірақ бұл жеңіліс болуы тиіс еді. Себебі ол тәртіпке келтіреді, ұйымдастырады. Бұл – футболдан шапалақ. Қақпашыдан бастап, алаңға шыққан әр ойыншыға дейін ешқайсысы мұндай әрекетке жол бермеуі керек".