Испания – Франция матчында 9 гол соғылып, финалист анықталды (ВИДЕО)
06.06.2025, 03:06
Германияның Штутгарт қаласында Ұлттар лигасының екінші жартылай финалы өтті. Испания мен Франция құрамалары арасындағы тартысты ойында нағыз футбол спектаклі тіркелді.
sportstar.thehindu.com
Испания құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің финалына жолдама алды.
Испания сапынан көзге түскендер:
- Нико Уильямс — 23-минута
- Микель Мерино — 26-минута
- Ламин Ямаль — 54-минут (пенальти) және 67-минут
- Педри — 55-минут
Франция тарапынан жауап бергендер:
- Килиан Мбаппе — 59-минут (пенальти)
- Райан Шерки — 79-минут
- Рандаль Коло Муани — 90+4-минут
Сонымен қатар, 84-минутта испан қорғаушысы Дани Вивиан автоголмен француздарға "көмектесті".
Финалда – Португалияға қарсы
Осылайша Испания құрамасы Ұлттар лигасының финалына шықты. Олар жартылай финалда Германияны 2:1 есебімен жеңген Португалиямен кездеседі.
Айта кетейік, Испания – былтырғы турнирдің жеңімпазы. Алдыңғы финалда олар Хорватияны пенальти сериясында (0:0, пенальти — 5:4) ұтқан болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама