Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Еркебұлан Сейдахметке шетелдік үш клубтан ресми ұсыныс түсті

Редактор Penalty.kz
07.06.2025, 20:20

Қазақстандық футболшының трансферлік болашағына байланысты нақты ұсыныстар белгілі болды.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Үміткерлер қатарында – Катар, Түркия және Польша клубтары

Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхаммед Мәулен "Бірінші гол" YouTube-арнасына берген сұхбатында "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахметке түскен ұсыныстар жайлы айтып берді.

"Қазір Еркебұланға Катар чемпионатынан, Түркияның бірінші лигасынан (екінші дивизион) және Польшадан нақты ұсыныстар болды. Бұл туралы польшалық журналистер де жазды. Польшада қыста трансферлік терезе жабылады, ал бізде осы кезде жаңа маусым басталады. Сол себепті уақыт сәйкессіздігі болып жатыр. Бірақ олардың чемпионаты аяқталған соң, бізде қайта тіркеу кезеңі басталады — сонда көшуі әбден мүмкін. Еркебұлан шетелде ойнауға әлі де ынталы", — деді Мәулен.

Жас футболшының тәжірибесі мол

Тараз футболының түлегі саналатын Еркебұлан Сейдахмет бұған дейін "Қайрат", ресейлік "Уфа", софиялық "Левски" секілді клубтардың намысын қорғаған. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасында 6 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары