Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Роналду "Әл-Насрда" қалатынын мәлімдеді

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 15:00

Футбол әлемінің аңызы Криштиану Роналду өз болашағына қатысты шешімін жария етті

matchtv.ru
Реклама
Реклама

Португалия жұлдызы мансабын Сауд Арабиясында жалғастырмақ

40 жастағы португалиялық шабуылшы мансабын Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубында жалғастыратынын мәлімдеді, деп жазады журналист Фабрицио Романо.

“Менің болашағым? Ештеңе өзгере қоймайды. "Әл-Насрда" қаламын ба? Иә”, — деді Роналду журналистерге.

Ұлттар лигасындағы жеңіс

Күні кеше Роналду Португалия құрамасы сапында Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда португалдар пенальти сериясында Испанияны тізе бүктірді.

Айта кетейік, Роналдудың "Әл-Насрмен" келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Бірақ шабуылшы клубтан кетпейтінін нақты айтты.

40 жасында да рекорд жаңартуда

Роналду ұлттық құрамалар деңгейінде әлем бойынша ең көп гол соққан ойыншы ретінде рекорд иесі — 138 гол. Ол 2023 жылдың қаңтарында “Әл-Наср” клубына қосылып, биылғы маусымда 41 ойында 35 гол соқты. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары