Лондондық "Челси" Дастан Сәтпаевпен келісімшартқа қол қойғаннан кейін жанкүйерлер өзге жас ойыншыларға қыруар ақша төлеуге қарсы наразылық білдіріп жатыр.
Ағылшындық жанкүйерлер клубтың 18 жастағы грек шабуылшысы Хараламбос Костуласпен келіссөз жүргізіп жатқанына ашулы. Inside ақпарат көздері, оның ішінде Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, “Брайтон” Костуласты 47 миллион еуроға сатып алуға жақын, “Челси” де бұл трансферге қызығушылық танытқан.
Бірақ “ақсүйектер” фанаттарының пікірінше, болашақ жұлдыз оларда бар — ол Дастан Сәтпаев.
Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде:
“18 жастағы шабуылшы үшін 47 миллион еуро? Бұл — біз үшін емес. Дастан Сәтпаев екі жылдың ішінде одан да мықты болып кетуі мүмкін”, — деп жазды клубтың ірі фанаттық қауымдастығы X платформасында.
“Челси” ақпанс айында “Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен ресми келісімшарт жасасты. Ол клубқа 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң қосылады. Ал әзірге Алматының негізгі командасында өнер көрсетуді жалғастырады.
Биылғы маусымдағы көрсеткіштері:
Салыстыру үшін Костулас Грекия чемпионатында 21 матчта 6 гол соққан.
Танымал комментатор Олжас Байбосынов 16 жастағы Сәтпаев туралы:
“Ол — тек техникалық жағынан емес, ойын мәнері мен менталитеті жағынан да еуропалық деңгейге жақын шабуылшы”, — деп пікір білдірген еді.