Қазақстан Премьер-Лигасында тарихи өзгеріс басталды: жаңа заң аясында мемлекет шетелдік футболшыларға жалақы төлеуді тоқтатқан соң, клубтар жаппай легионерлерден бас тарта бастады.
Қазақстан Премьер-Лигасында маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Жаңа заңға сәйкес, мемлекет есебінен шетелдік ойыншыларға жалақы төлеуге тыйым салынғаннан кейін, клубтардың легионерлерден бас тарту үрдісі байқалуда. Бұл туралы «Қайсар» клубының баспасөз қызметінің жетекшісі Ерасыл Шарбек Asi_inside YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Қазір жақсы деген қазақстандық ойыншыларға сұраныс өте жоғары. Көптеген клубтар екінші айналымды тек отандық футболшылармен өткізуді көздеп отыр», – деді Ерасыл Шарбек.
Оның айтуынша, Премьер-лигада легионерлерге тұрақты түрде жалақы төлей алатын төрт-ақ клуб бар:
Сондай-ақ, «Атырау» клубы да демеушілер есебінен шетелдік ойыншыларға жалақы төлеуге тырысып жатыр.
«Күні кеше жақсы жасақталған “Тұранның” өзі тарап кетуге шақ қалып тұр. “Елімайдың” да жағдайы мәз емес», – деп атап өтті Ерасыл Шарбек.
Бұл жайттар қазақстандық ойыншыларға деген сұраныстың өсуіне әсер етіп отыр. Клубтар ішкі нарыққа бет бұрып, бюджет үнемдеуге көшуде.
Қызылордалық «Қайсар» – биылғы маусымда легионерлерсіз өнер көрсетіп жүрген жалғыз клуб. Жаңа заң күшіне енгеннен кейін бұл тәжірибені басқа командалар да қабылдауы мүмкін.
Қазіргі таңда «Қайсар» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде: