Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Рома" өзбекстандық шабуылшыға сенім артпай отыр (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.06.2025, 16:28

Римдік клуб өзбек форвардын сатуды жоспарлап отыр. "Рома" Шомуродов үшін 8 миллион еуро алғысы келеді.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Шомуродов тізімнен сызылды 

Sky Sport Italia таратқан мәліметке сәйкес, "Рома" Эльдор Шомуродовқа алдағы маусымда сенім артпайды. Клуб оның трансферінен 7-8 миллион еуро табыс түсіруді көздеп отыр.

Айта кету керек, өзбекстандық ойыншының "қасқырлармен" арадағы келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін жарамды. Алайда клуб оны ертерек босатуға дайын.

Өткен маусымда 29 жастағы шабуылшы барлық турнирде 37 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Қазір оның трансферлік құны – 4 миллион еуро деп бағалануда (Transfermarkt дерегі).

Дженоадан 19,6 млн еуроға келген

Эльдор Шомуродов "Рома" сапына 2021 жылдың тамыз айында келген. Сол кезде римдік клуб "Дженоа" командасына 19,6 миллион еуро төлеп, шабуылшыны қатарына қосқан еді.

“Рома" жобасында бастапқыда маңызды орын алғанымен, Шомуродовтың кейінгі көрсеткіштері бапкерлік штабтың үмітін ақтамады", — деп жазады Sky Sport Italia.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары