Француз рэпері Мбаппеге: "Палм-Бичтегі әрекеттеріңді жария етемін!"

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 14:08

Франциядағы танымал рэпер және продюсер Booba (шын есімі Эли Яффа) Мбаппеге қоқан-лоқы көрсетті.

leparisien.fr

Килиан Мбаппе мен атышулы рэпер арасындағы жанжал жаңа деңгейге көтерілді. Рэпер әлеуметтік желіде "Пари Сен-Жерменге" (ПСЖ) қарсы істі қозғаған шабуылшыға ашық түрде ескертіп, қауіпті мәлімдеме жасады.

"Егер сен Нассерді (ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи — ред.) мазалауды қоймасаң, Палм-Бичте не істегеніңді, кіммен болғаныңды және гастроэнтеритті қайдан жұқтырғаныңды айтып беремін. Басымызды қатырма, Кики", – деп жазды Буба өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Мбаппе жуырда бұрынғы клубы "ПСЖ" -ны сотқа бергені белгілі болды. Футболшы келісімшарт шарттары мен қаржы мәселелеріне байланысты клубтан бірнеше миллион еуро өндіріп алмақ. Бұл жағдай Франция спорт қоғамдастығында үлкен резонанс туғызды.

фото:AI

Эли Яффа – Францияда танымал, бірақ дау-дамайдан тыс жүрмейтін тұлға. Ол бұған дейін де спортшылар мен медиа жұлдыздарға шабуыл жасаған. Бұл жолы рэпердің сөзі Мбаппеге бағытталды. Кейбір пікірлерге сенсек, рэпердің бұл әрекеті қоғам назарын өзіне аудару мақсатында жасалған болуы мүмкін.

Интернет қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Эли Яффаны қолдап, футболшыны ашық сынға алып жатса, екіншісі рэпердің жеке өмірге қол сұғуын айыптап отыр.