"Барселона" 30 маусымда 2020 жылғы жалақы қарызын өтейді. Соңғы төлем 16 млн доллар, оның 5,95 млн еуросы – Лионель Мессидің үлесі.
Каталониялық клуб 2020 жылы пандемия кезінде жалақыны кейінге шегеруге келіскен ойыншылар мен бапкерлерге ақысын толық өтеуге кірісті. Испаниялық басылымдардың мәліметінше, 30 маусымда “Барса” соңғы 16 млн долларды аударып, сол жылғы қарыздың нүктесін қояды.
Аргентиналық жұлдыздың өкілдері клубтың барлық міндеттемені орындағанын растады.
2020 жылы COVID-19 салдарынан «Барселона» терең қаржылық дағдарысқа тап болып, командадан жалақыны кейінге қалдыруды сұраған. Футболшылар келісім беріп, клуб бюджетіне бірден 172 млн еуро үнемделген еді. Сол кезде жинақталған қарызды “блауграна” 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен өтеуге міндеттелген.