Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дастан Сәтпаев 2025 жылдың үздік шабуылшысы атанды

Редактор Penalty.kz
30.06.2025, 13:01

Ол ресми матчтарда 9 гол соғып, өз қатарластарын артта қалдырды.

news.sportbox.ru

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2025 жылғы әлемдегі ең нәтижелі 16 жастағы футболшы ретінде танылды. Бұл мәліметті беделді Noite de Copa статистикалық бөлімі жариялады.

Дастан — әлемдегі ең жас бомбардир

16 жастағы Дастан Сәтпаев 2025 жылы ресми матчтарда 9 гол соғып, өз қатарластарынан озық шықты. Бұл тізімге Қазақстан Премьер-лигасындағы, Қазақстан кубогындағы және ұлттық құрама сапындағы кездесулер кірген.

Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы биылғы маусымда 15 матчта 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Қазақстан кубогында 2 ойында 1 гол еншілеген.

Ұлттық құрамадағы алғашқы қадам

Талантымен көзге түскен Дастан Қазақстан ұлттық құрамасына да шақырылып үлгерді. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында 3 матчқа қатысып, тәжірибе жинап жатыр.

2024 жылдың қысында Англияның «Челси» клубы Дастан Сатпаевты сатып алу туралы келісімге келген. Бұл — Қазақстан футбол тарихындағы ең ірі трансферлік мәміле саналады.

  • Жалпы трансфер құны — 4,3 миллион еуро
  • Оның ішінде 2,4 миллион еуро — кепілді төлем, ал қалғаны бонус түрінде беріледі.