Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Реал" — "Ювентус" матчы тағдырын бір гол шешті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.07.2025, 02:18

Майами-Гарденс қаласында өткен ойында испаниялық "Реал" мен италиялық "Ювентус" кездесіп, мадридтік клуб минималды есеппен жеңіске жетті.

news18.com

1/8 финалдағы басты интрига

Матчтың жалғыз әрі шешуші голын 54-минутта Гонсало Гарсия соқты. Оған нәтижелі пас берген мадридтіктерге жақында қосылған Трент Александер-Арнольд. Бұл – Тренттің "Реал" сапындағы алғашқы ассисті болып тіркелді.

Мбаппенің дебюты

Бұл ойында тағы бір маңызды оқиға болды. Шабуылшы Килиан Мбаппе клубтық әлем чемпионатында алғаш рет алаңға шықты. Француз жұлдызы екінші таймның ортасында ойынға қосылғанымен есеп өзгермеді.

Келесі қарсылас – "Боруссия" немесе "Монтеррей" 

Осы жеңістің арқасында "Реал" КӘЧ-2025 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Енді мадридтіктер германиялық "Боруссия" мен мексикалық "Монтеррей" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.