Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Милан" жанкүйерлеріне тосын сый: Самуэле Риччи қатарға қосылды

Редактор Penalty.kz
04.07.2025, 07:20

Италиялық жас жартылай қорғаушы Самуэле Риччи енді ресми түрде "Миланның" ойыншысы атанды. 

sempremilan.com

"Торино" сапынан ауысып келген 23 жастағы футболшы миландықтармен 4 жылдық келісімшартқа қол қойды, оған қоса 1 жылдық ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Ол №4 жейдемен өнер көрсетеді.

Самуэле Риччи Миланға сәрсенбі күні кешке жетіп, бейсенбі күні медициналық тексеруден сәтті өтті. Келісімшартқа қол қою рәсімі "Милан" клубының орталығында өтті. Клубтың баспасөз қызметіне берген қысқаша пікірінде :

"Мен өте қуаныштымын", — деп атап өтті Риччи.

Футболшы келісімшартқа қол қою кезінде отбасымен және агенттерімен бірге болды. Кездесу барысында клубтың жаңа бас жаттықтырушысы Массимилиано Аллегримен де жүздесті. Айта кетейік, бұл "Милан" сапындағы алғашқы ресми трансфер және клубтың ортаңғы шепті жаңартудағы алғашқы нақты қадамы болып отыр.

Ресми хабарлама

"Милан" ФК Самуэле Риччидің трансфері туралы әлеуметтік желілерінде былай деп хабарлады:

«Милан» клубы Самуэле Риччиді «Торино» клубынан толыққанды трансфер арқылы сатып алғанын ресми түрде мәлімдейді. Итальяндық жартылай қорғаушы «россонерилермен» 2029 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, келісімді 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту мүмкіндігі клуб тарапынан қарастырылған.

Самуэле Риччи 2001 жылы 21 тамызда Понтедера қаласында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын «Эмполи» клубының жастар академиясында бастап, 2019 жылдың қыркүйегінде негізгі құрамда дебют жасады. Тоскандық команда сапында 91 ойын өткізіп, 3 гол соқты.

2022 жылдың қаңтарында ол «Ториноға» ауысып, онда 113 матч өткізіп, 4 голмен көзге түсті.

Италия құрамасының барлық жасөспірімдер деңгейінен өткеннен кейін, 2022 жылдың маусымында ұлттық құрама сапында дебют жасап 10 кездесу өткізді».

Алда — Модрич?

Клубтың ортаңғы алаңына бағытталған бұл трансферлік қадамдар бұнымен шектелмейді. Клуб өкілдерінің айтуынша, клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін Лука Модричтің келуі күтілуде.