Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қорғаушыларының бірі Нұралы Әліпке қатысты сын пікірлер күшейіп келеді.
"Тотальный футбол KZ" Telegram-арнасы футболшының мансабын қайта жандандыру үшін "Зениттен" кетуге кеңес берген.
"Нұралы Әліпке клуб ауыстыру жайын шындап ойланатын уақыт жеткен сияқты. Соңғы кездері ол «Зениттің» негізгі құрамына жиі іліне алмай жүр. Тіпті соңғы бақылау кездесуінде оның аты-жөні өтінім тізімінде де болмады", — деп жазады арна.
Сарапшылардың пікірінше, қаржылық тұрғыдан "Зенит" тиімді ұсыныс беріп отырғанымен ойын практикасының жоқтығы Әліптің ұлттық құрамадағы өнеріне теріс әсер ете бастаған. Қателіктер көбейіп, сенімділік азайғаны байқалады.
Telegram-арна авторлары қорғаушы үшін Қазақстан Премьер-Лигасындағы ТОП-4 клубтың біріне жалға берілу нұсқасын қарастыруды ұсынады.
"Бүгінде ҚПЛ-де қазақстандық ойыншыларға сұраныс жоғары. Алдыңғы қатарлы клубтар Нұралыға лайық шарттар ұсына алады. Сонымен қатар агенті де Ресейден тыс бағыттарды қарастыруы тиіс", — деп толықтырды арна авторлары.
Нұралы Әліп "Зенит" сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді, алайда соңғы маусымдарда ойын уақыты күрт қысқарды. Бұл жағдай ұлттық құраманың қорғаныс шебіне де ықпал етуде. Жанкүйерлер мен сарапшылар арасында алаңдаушылық күшейіп отыр.