Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда әуесқойлар лигасы ресми түрде басталды

Редактор Penalty.kz
14.07.2025, 21:11

Қазақстан футбол федерациясы ел аумағындағы жасырын таланттарды кәсіби деңгейге шығару мақсатында әуесқойлар лигасын іске қосты.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

268 команда тіркелді

Жоба аясында елдің әр өңірінде әуесқой командалар арасында іріктеу турнирлері өткізіледі. Қазір 268 команда тіркеліп үлгерді. Бұл — 5 мыңнан астам футболшы деген сөз. Барлығы 34 алаңда 1500-ге жуық матч өткізу жоспарланған.

Формат – кәдімгі кәсіби футбол тәртібіне сай:

  • Әр командада 11 ойыншы;
  • Матчтар толық регламентпен өтеді;
  • Ойын ережелері кәсіпқой футбол деңгейімен бірдей.

Жеңімпаздар үшін жаңа белес: Қазақстан кубогы мен Екінші лигаға жол

Әр облыс пен қалада үздік атанған командалар күзде Астанада бас қосады. Финалдық кезеңде ел чемпионы анықталып, жеңімпаз команда Қазақстан кубогына қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетуге жол ашылады.

“Біз бұл лиганы кәсіби футболға апарар көпір ретінде қарастырамыз. Тек жеңіске жетіп қоймай, болашағы бар ойыншыларға үлкен ареналарға шығуға жол ашқымыз келеді”, – дейді ҚФФ өкілдері.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары