Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Андрей Мартин "Астанадан" кейінгі эмоциясын жасыра алмады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.07.2025, 20:07

"Ордабасы" бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында "Астанаға" қарсы маңызды жеңістен кейін (1:0) ойыншыларға эмоцияға толы сөз арнап, жанкүйерлерге алғысын білдірді.

insports.kz
Реклама
Реклама

“Біз тең нәтижеге ойнаған жоқпыз”

Ойыннан кейінгі жабық киім ауыстыру бөлмесінде сөйлеген сөзінде, Мартин ойынның қиын өткенімен қатар, командасының жанқиярлығын ерекше атап өтті:

“Бұл өте қиын матч болды. Қос тарап та тең деңгейде ойнады. Бірақ біз жеңіске деген мінезімізді көрсеттік. Екінші таймда бір ойыншымыз алаңнан қуылса да, біз берілуге болмайтынын дәлелдедік. Біз бұл ойында тең түскіміз келмеді – біз Шымкентті қуантқымыз келді. Бұл жеңіс – осы қалаға арналған сыйлық”, – деді Мартин.

Келесі мақсат – Конференция лигасы

Бапкер командасын толық тәртіппен, ұйымдасқан түрде ойнағаны үшін мақтады. Ол енді назардың барлығы Еурокубок жолындағы алғашқы сынақ – Конференция лигасының іріктеу кезеңіне бағытталғанын айтты:

“Келесі қарсылас – Грузияның “Торпедо” клубы. Бізге жанкүйерлердің қолдауы ауадай қажет. Сол қолдаумен біз алға жылжи аламыз”, – деді ол.

“Ордабасы” Конференция лигасында қашан ойнайды?

  • Бірінші матч18 шілде, Шымкентте
  • Қайтару ойыны25 шілде, Грузияда

Екі кездесудің жеңімпазы келесі іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары