Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қазақ футболы кланға бөлінген" - Ермұхамед Мәулен

Редактор Penalty.kz
15.07.2025, 20:25

"Фонтим" подкастында жасырын футбол элитасының картасы, келісілген матчтар мен қазақ футболының болашағы жайлы сөз болды.

fonteam
Реклама
Реклама

Қазақ футболы қазіргі таңда ойын емес, ықпал, мүдде, кланаралық күрес алаңына айналып бара ма? Fonteam подкастындағы пікірталас осы сұрақты күн тәртібіне шығарды. Ал "Тұран – Қызылжар" матчы — тек бір көрініс қана. Алдағы турларда әділдік үшін кім жауап береді? VAR үнсіз қала бере ме? Әлде футбол сахнасы қайта тазарып, кландардың көлеңкесінен арылар ма?

«Кланға бөлінген қазақ футболы»

«Футболда да клан бар. Саян Хамитжанов, Қайрат Боранбаев, Асқар Боранбаев, Ұлықбек Асанбаев сынды фигуралар айналасында топтасқан күштер бар. Әрқайсысы — өз алаңында мүдде қорғап жүр», — дейді подкаст қатысушыларының бірі.

Футболдағы кландар: Кім қай жақта?

Подкаст барысында айтылған «футболдық клан» ұғымы — жай әңгіменің тақырыбы емес, нақты құбылыс ретінде сипатталды. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ел футболында ықпал жүргізіп отырған мынандай негізгі топтар бар:

  • Саян Хамитжановтың тобы
  • Қайрат Боранбаев
  • Асқар Уранхаев
  • Ұлықбек Асанбаевқа жақын топ
  • Әділет Барменқұлов

Олардың арасында формальды құрылым жоқ. Бірақ әрқайсысы футболға өз адамы арқылы әсер етіп отыр.

«Қазақ футболына билігі жүретін адамдар бірігіп отырып, дастархандас болып, бауыр болып, шай ішкенде ғана футбол сонда ғана дамуы мүмкін», — деді Ермұхамед Мәулен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары