Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құрамасының жұлдызы клубсыз қалды

Редактор Penalty.kz
15.07.2025, 22:44

Қазақстан құрамасының тәжірибелі ойыншысы Серікжан Мужиков ресми түрде клубсыз қалды. "Елімай" ФК онымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғанын мәлімдеді.

Instagram/@kff_team
Реклама
Реклама

Келісімшарт өзара келісіммен тоқтатылды

Семейліктердің ресми Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес клуб пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков екіжақты келісім негізінде қоштасу туралы шешім қабылдаған:

"Қазақстан құрамасының футболшысы, жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков "Елімайдағы“ мансабын екіжақты келісіммен аяқтады. Ол семейлік клуб сапында 12 ресми кездесуде алаңға шықты", — делінген клуб хабарламасында.

Бірнеше клубта ойнаған тәжірибелі футболшы

Серікжан Мужиков «Елімайға» биыл ақпан айында «Жетісу» клубынан ауысып келген болатын. Бұған дейін ол «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» сияқты қазақстандық клубтардың намысын қорғаған.

Биылғы маусымда семейліктер сапында 14 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пас берген. Өз тәжірибесімен жастарға үлгі бола білді.

Ұлттық құрамадағы көрсеткіші

Қазақстан құрамасы сапында Мужиков 27 ойынға қатысып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Ол ұлттық команданың маңызды матчтарында алаңға шықты. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары