"Ақтөбе" – "Легия" матчына билеттерді алыпсатарлар иемденіп алған
16.07.2025, 17:54
"Ақтөбе" – "Легия" арасындағы ойынға билет сатып алуға 168 мыңнан астам өтінім тіркелген. Бұл туралы "Ақтөбе" жанкүйерлерінің ресми аккаунты мәлімдеді.
vesti.kz
Алыпсатарлар билетті бірнеше есе қымбаттатқан
Осы орасан сұранысты пайдаланып, алыпсатарлар билеттерді 50 мың теңгеге дейін көтеріп сатып жатыр. Айта кету керек, ресми түрде билеттердің бағасы 3 мыңнан 20 мың теңге аралығында болған.
Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік адал жанкүйерлердің матчқа кіре алмау қаупіне алаңдаулы.
Бірінші матч польшалықтардың пайдасына аяқталған
Еске сала кетейік, Варшавадағы алғашқы ойында “Легия” 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама