"Барселона" үш футболшымен қош айтыспақ

Сарапшы, спорт журналисі

Испанияның "Барселона»"клубы жаңа маусым басталмай жатып құрамынан үш футболшыны шығарып жібермек.

"Барселона" үш футболшымен қош айтыспақ
dynamo.kiev.ua

Кететін футболшылардың есімдері белгілі

Мәлімет бойынша, каталониялық клуб қақпашы Иньяки Пенья, шабуылшы Пау Виктор және жартылай қорғаушы Ориоль Ромеумен әрі қарай жұмыс істеуге ниетті емес.

Олардың үшеуі де команда сапында шешуші рөл атқармағанымен бұл қадам Ханс-Дитер Фликтің басшылығымен жаңа құрам қалыптастыру процесін жеделдетуі мүмкін.

“Барса” — Испания чемпионы

Өткен маусымда “Барселона” Испания Ла Лигасының чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды.

2025/26 жылғы Испания чемпионаты келесі айдың ортасында басталады. Алғашқы турда “Барса” сырт алаңда “Мальоркамен” күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір