"Ақтөбе" – "Легия" матчына билеттерді алыпсатарлар иемденіп алған

Сарапшы, спорт журналисі

"Ақтөбе" – "Легия" арасындағы ойынға билет сатып алуға 168 мыңнан астам өтінім тіркелген. Бұл туралы "Ақтөбе" жанкүйерлерінің ресми аккаунты мәлімдеді.

"Ақтөбе" – "Легия" матчына билеттерді алыпсатарлар иемденіп алған
vesti.kz

Алыпсатарлар билетті бірнеше есе қымбаттатқан 

Осы орасан сұранысты пайдаланып, алыпсатарлар билеттерді 50 мың теңгеге дейін көтеріп сатып жатыр. Айта кету керек, ресми түрде билеттердің бағасы 3 мыңнан 20 мың теңге аралығында болған.

Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік адал жанкүйерлердің матчқа кіре алмау қаупіне алаңдаулы.

Бірінші матч польшалықтардың пайдасына аяқталған

Еске сала кетейік, Варшавадағы алғашқы ойында “Легия” 1:0 есебімен жеңіске жеткен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір