Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ағылшын футболының аңызы ес-түссіз күйде табылды

Редактор Penalty.kz
21.07.2025, 15:30

Пол Гаскойн есінен танып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол реанимацияда жатыр.

voi.id
Реклама
Реклама

Гаскойнді өз үйінен ессіз күйде тапқан

58 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушы, “Тоттенхэм” және “Ньюкасл” клубтарында ойнаған Пол Гаскойн Англияның Пул қаласындағы жеке үйінде ұйықтап жатқан бөлмесінде ессіз күйде табылған.

Оны алғаш болып үй шаруасына көмектесіп жүрген ескі досы Стив Фостер көрген. Ол бірден жедел жәрдем шақырып, футболшыны ауруханаға жеткізуге жәрдемдескен.

Қазіргі жағдайы қандай?

Mirror басылымының мәліметіне сәйкес, Пол Гаскойн дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Дегенмен дәрігерлер оның жағдайы тұрақты, әрі сауығуға бет алғанын мәлімдеді.

“Гаскойннің жағдайы бақылауда. Ол бірнеше күн ауруханада жатып, содан кейін үйіне оралады деп күтілуде”, – делінген ресми ақпаратта.

Пол Гаскойн. ФОТО: strettynews.com

Пол Гаскойн кім?

Пол Гаскойн – ағылшын футболының нағыз символдарының бірі:

  • 1990 жылғы әлем чемпионаты мен Еуро-1996-ның үздік құрамына енген
  • Ағылшын футболының Даңқ залында есімі жазулы
  • Шотландия чемпионатының екі дүркін чемпионы 
  • Англия кубогы мен Шотландия убогының иегері
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары