Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жастарға жол беру керек": Асхат Тағыберген мансабын аяқтайтынын мәлімдеді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.07.2025, 13:50

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, "Тобыл" ФК жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

 

“Бұл – менің жеке шешімім”

ҚПЛ-дің 17-турындағы “Ақтөбе” – “Тобыл” матчы аяқталғаннан кейін Асхат журналистерге сұхбат беріп, ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтау туралы ойын айтты:

“Аздап қынжылтқаны рас. Бірақ енді жастарға жол беру керек сәт келді деп ойлаймын. Енді солар ойнасын. Ал мен клубтық карьерамды жалғастырамын. Құрамаға алдағы ойындарда сәттілік тілеймін. Астанадағы стадионнан жанкүйер ретінде, жаныммен де, тәніммен де қолдайтын боламын. Бұл шешімді өзім қабылдадым. Жұбайым да, анам да білмеді. Барлығын өзім шештім”.

Қашан және неге қоштасты?

Тағыберген 2025 жылдың маусым айында ұлттық құрамадағы карьерасын ресми түрде аяқтады. Бұл шешім Солтүстік Македониядан алған ауыр жеңілістен кейін белгілі болды. Сол ойында бас бапкер Әли Әлиев баспасөз мәслихатын Тағыбергеннің шешімін жариялаудан бастады:

“Асхат ұлттық құрама сапында ойнауды тоқтатуға шешім қабылдады. Ол жастарға жол беруді жөн көрді”, — деді бапкер.

Асхат Тағыберген ұлттық құрамада 40-тан астам матч өткізген. “Ақтөбе”, “Қайсар”, “Астана” мен “Тобыл” сынды клубтарда өнер көрсетті.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары