ҚПЛ-дің 17-турындағы "Оқжетпес" – "Ұлытау" (1:0) матчынан кейін көкшетаулық жанкүйер жартылай қорғаушы Дамир Маратқа ерекше қолдау білдірді.
Матчтан кейін жазылған видеода жанкүйер Маратқа мынадай шабытты сөз арнады:
“Көтеріл. Дастан көтерілді. Сен де алаңда өзіңді керемет көрсете аласың. Әдемі ойнайсың. Қазақстандықтарды көтеріңдер. Біз сені “Манчестер Юнайтедтен” көргіміз келеді. Сен шығасың, мен саған сенемін. “Оқжетпес” – алға!”
Ортаңғы алаңда ойнайтын Марат командасына тұрақты үлес қосып жүр. Оның сенімді ойыны жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болуда.
Былтыр ғана Бірінші лигада ойнаған көкшетаулық клуб ҚПЛ-2025 маусымында сенсация жасап келеді. 17 турдан кейін команда турнирлік кестеде 5-орында тұр.