Футболдағы кезекті дау Солтүстік Қазақстан облысынан шықты. Петропавлдың "Қызылжар" клубында басшылық ауысқаннан кейін заңсыз қаржылық операциялар әшкере болды.
Мәселе Әли Әлиевтің клубтағы бапкерлік қызметіне қатысты. Ол 2023 жылдың 1 маусымында ресми түрде бас бапкер болып тағайындалып, 6,5 миллион теңге жалақы алуға келісім жасасты. Бұл құжат заңды түрде ҚФФ мен ҚФЛ-де тіркелген.
Алайда 2024 жылдың 3 қаңтарында екінші келісімшарт жасалып, жалақысы 10 миллион теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар еңбек шарты 2025 жылдың соңына дейін ұзартылған.
Сот материалдарына сәйкес бұл жалақы көлемі 2024 жылғы штаттық кестеге қайшы болған. Онда бас бапкердің айлық жалақысы 1 миллион теңге деп бекітілген.
Бір қызығы екінші келісімшарт тіркелмеген, ал біріншісі ресми түрде бұзылмаған. Осылайша бір тұлғаға қатысты екі белсенді келісімшарт қатар өмір сүріп келген.
Сот Әлиевтің жалақысын алғашқы заңды келісім бойынша қайта есептеп, 2024 жылғы келісімді жарамсыз деп таныды.
Клубтың жаңа директоры Николай Паниннің бастамасымен жүргізілген аудит барысында келесідей олқылықтар анықталған:
Бұрынғы президент Григорий Лория сотта жауап беріп, бұл шешімдерді өз өкілеттігі аясында қабылдағанын, ешкіммен ақылдаспағанын мәлімдеді. Ол Алиевтің басқа клубтарға кетіп қалмауы үшін жалақысын өсіргенін айтты.
Аталған іске қатысты ҚР ҚК 189-бабы бойынша (ірі көлемде қаржы жымқыру) қылмыстық іс қозғалды.
Әли Әлиев 2025 жылдың қаңтарында Қазақстан ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері қызметіне кірісті. Бірақ алғашқы нәтижелер көңіл көншітпейді:
Қазір Қазақстан құрамасы J тобында 3 ұпаймен 4-орында тұр.
Ұлттық құрама 4 қыркүйекте “Астана Аренада” Уэльске қарсы кездеседі.