Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барселонаның" бұрынғы жұлдызы қыруар қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Редактор Penalty.kz
23.07.2025, 18:57

Камерун футбол федерациясының президенті Самуэль Это’О-ға ұлттық құраманың сыйақысын ұрлады деген айып тағылып отыр. Аталған сома – Мексикамен өткен матч үшін бөлінген 600 мың доллар.

sportrbc.ru
Реклама
Реклама

Ұлттық құраманың ақшасы қайда кетті?

Самуэль Это’О-ны қаржыны заңсыз иемденді деген күдікке ілінген. Бұл қаражат 2023 жылы Камерун мен Мексика арасындағы жолдастық матч үшін ұлттық құраманың ойыншыларына берілуі тиіс болған.

Алайда ойыншылар сол күні ешқандай сыйақы алмаған. Осыған байланысты Федералдық тергеу бюросына (FBI) және АҚШ Әділет министрлігіне ресми шағым жолданған.

Бұл – алғашқы жанжал емес

Самуэль Это’О 2021 жылдан бері Камерун футбол федерациясын басқарып келеді. Бірақ FIFA оны 2024 жылдың қыркүйегінде алты айға ұлттық құрамалар матчына қатысу құқығынан айырды. Себебі ол фэйр-плей қағидаларын бұзған. 

Футбол тарихында аты алтын әріппен жазылған Самуэль Это’О ойыншы ретінде жарқын мансапқа ие. Ол кезінде:

  • “Барселона”, “Интер”, “Челси”, “Анжи”, “Эвертон” және басқа да клубтарда ойнады;
  • Камерун құрамасында 118 матч өткізіп, 56 гол соқты.

Бірақ бүгінгі таңда аты тек футболмен емес, қаржылық даулармен де аталуда.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары