Реклама
Реклама

Шымкентте сенсациялық камбэк тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі
03.08.2025, 22:45

ҚПЛ-дің 19-турында соңғы орындағы "Атырау" "Ордабасыға" қарсы терезесі тең ойын өрнегін көрсетті. 

Instagram/@fc_atyrau

"Ордабасының" бірінші таймдағы басымдығы

Кездесудің небәрі 3-минутында Эльхан Астанов пенальти иеленіп, оны сәтті дәл орындады. Ал тайм соңында грузиялық легионер Лука Иснадзе есепті еселей түсті. 

Екінші таймдағы драма

Руслан Юденков матчтың екінші бөлігінде алыстан жойқын соққымен "мұнайшылардың" үміт сәулесін қайта жандырды. Ал Константин Дорофеев соңғы минуттарда таразы басын теңестіріп, шымкенттік жанкүйерлерді аң-таң қалдырды.

"Ордабасы" — "Атырау" 2:2 (2:0)

Голдар: Астанов Э. пенальтиден 3' (1:0), Имнадзе 26' (2:0), Юденков 51' (2:1), Дорофеев 79' (2:2). 

Реклама
Реклама