
Флориан Вирц ағылшындық клубта аты аңызға айналған 7-нөмірді иеленді. Бұл нөмір бұрын Кенни Далглиш, Луис Суарес және Луис Диас сынды жұлдызды ойыншыларға тиесілі болған.
Жанкүйерлердің реакциясы да ұзақ күттірмеді: жаңа форманың сатылымы басталған алғашқы сағатта 42 мың футболка сатылған. Бұл туралы беделді The Athletic басылымы хабарлады.
Фанаттар ықыласын көрсетудің басты өлшемі – дүкендердегі сұраныс. Мұндай жағдай бұған дейін де тіркелген. Мысалы Ламин Ямаль "Барселонадан" 10-нөмірлі жейдені алған күні клуб рекорд орнатып, 70 мың футболка сатқан. Бұл "Барса" тарихында ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелген.
"Ливерпуль" жанкүйерлері үшін 7-нөмір – жай сан емес, клуб тарихындағы ерен жетістіктер мен шебер ойыншылардың белгісі. Вирцтің дәл осы нөмірді таңдауы оның амбициясын білдіреді әрі ол жанкүйер үмітін ақтауға дайын екенін көрсетеді.
Вирцтің "Ливерпульге" ауысуы тек трансферлік жаңалық емес, ол клубтың жаңа маусымдағы үлкен жоспарларының нышаны. Ал фанаттардың алғашқы реакциясы – бұл шешімнің дұрыс болғанының айғағы.