Неймар дубль жасап, "Сантосқа" жеңіс сыйлады (ВИДЕО)
05.08.2025, 10:16
Бразилия чемпионатының 18-турында "Сантос" өз алаңында "Жувентудені" 3:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайды еншіледі. Матчтың басты жұлдызы Неймар болды. Ол өз атына лайық ойын көрсетіп, дубль авторы атанды. Оның бір голы пенальтиден соғылса, екіншісі ойын сәтінде тіркелді.
voh.com.vn
“Сантос” ұпай қорын толықтырды
Ойынның тағы бір голын Альваро Барреал соқты. Қонақтар сапынан жалғыз голдың авторы — Вилькер Анхель. Осы нәтижеден кейін “Сантос” турнирлік кестеде 15-орынға көтеріліп, еншісіне 18 ұпай жазды.
Неймар үшін маңызды көрсеткіш
Бұл — Неймардың 17 шілдеден бергі алғашқы голдары. Соңғы рет “Фламенго” қақпасын дәл көздеген болатын. Жалпы жұлдызды шабуылшы биылғы маусымда 9 матчта 3 гол соғып отыр.
Неймар: “Бұл жеңіс бізге өте қажет болды. Жанкүйерлердің қолдауын сезіну — үлкен мотивация”.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама