"Барселона" қақпашысы Марк-Андре тер Штегенге клуб тарапынан тәртіптік шара қолданылуы ықтимал.
Жақында арқа тұсынан операция жасатқан 33 жастағы қақпашы Ла Лиганың медициналық комиссиясына арналған клубтық есепке қол қоюдан бас тартқан. Испаниялық басылымдардың мәліметінше, тер Штеген медициналық құжатқа қол қоймай, жарақатының ауырлығын ресми түрде жасырған. Бұл әрекеті клуб басшылығына ұнамаған. “Барселона” өз заңгерлеріне жүгініп, қақпашыға қатысты ішкі тергеу бастады.
Егер тер Штегеннің жарақатынан айығуы ұзаққа созылса, онда клуб “Эспаньолдан” келген жаңа қақпашы Жоан Гарсияны ресми түрде тіркей алады.
Бұған дейін тер Штеген мен бас бапкер Ханс-Дитер Флик арасындағы келіспеушілік жайлы ақпарат тараған. Тіпті, Флик неміс голкиперіне негізгі құрамда ойнайтынына кепілдік бермеген. Бұл жағдай Маркты ашуландырған деседі.